Алты айда прокурорлық ден қою актілері бойынша бюджетке 1,1 млрд теңге түсті - Астана прокуратурасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын прокурорлық ден қою актілерінің нәтижесінде мемлекет қазынасы 1 млрд теңгеге толығады. Ал ағымдағы жылдың 6 айында шамамен 1,1 млрд теңге өндірілген. Бұл туралы бүгін Астана қалалық прокуратурасында өткен брифингте Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету жөніндегі басқарма басшысы Берік Адамов мәлім етті.
None
None

Оның айтуына қарағанда, ағымдағы жылдың алты айында бұзушылықтарды анықтау бойынша өндірістік атқарушы органға 45 өтінім, 9 ұйғарым, 8 қарсылық білдіру актісі түсіп, 3 борышкерлер туралы заң нормасына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Есепті кезеңде тәртіптік жауапкершілікке 15 жауапты тұлға, әкімшілік жауапкершілікке - 6 тұлға тартылды. Жыл сайын прокурорлық ден қою актілері бойынша мемлекет бюджеті 1 млрд теңгеге толығады. Ал өткен 6 айдың ішінде шамамен 1.1 млрд теңге өндіріп алынды», - деп атап өтті Берік Адамов.

Прокуратура өкілінің айтуына қарағанда, жыл басынан бері мемлекет кірісіне жалпы сомасы 434 млн. 400 мың теңгені құрайтын жылжитын және жылжымайтын 88 нысан берілген. Сонымен қатар, 340 млн теңге тұратын «Барыс» қонақ үй кешені де мемлекетке өтіп отыр. Мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда ол қонақ үй кешенінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдерді уақытша қабылдау баспанасы құрылған.

Соңғы жаңалықтар