Алты жасар алғыр бала Түркияда бақ сынайды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Кіндік қаны қасиетті Аралмен жалғасқан 6 жасар Рамазан Жалмаханов алдағы күзде шахматтан Түркияда өтетін дүниежүзілік жарысқа жолдама алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ол бұл мүмкіндікке Павлодар қаласында өткен 8 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы республикалық сайыста қол жеткізді. Байрақты бәсекеде бас бәйгені иеленген жеткіншек осылайша саладағы айтулы мамандардың алғысына кенелді. Ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Алматбай Жалмаханов отбасымен спорттың шахмат түріне ерекше мән беріп қарайды. Талғат, Дәурен есімді ұлдарына осынау ойынның қыр-сырын үйреткен ол немерелерін де өзі баулыды.
Соңғы жаңалықтар
telegram