«Алтын асық» бағдарламасымен қызылордалықтар 10 мыңнан астам қой алды
Сонымен қатар 5 шаруашылық өз қаржысы есебінен 96,2 млн. теңгеге 4470 бас қой әкелді. Осылайша, жыл ішінде 10 мыңнан астам асыл тұқымды қой алынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жалпы өткен жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға үлес қосқан 310 шаруашылық 1524 млн. теңге субсидия алды.
Тағы бір айта кетерлігі, мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту мақсатында Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының» базасында мал шаруашылығы бөлімі ашылды.
Бүгінде ет бағытындағы қой тұқымын жетілдіру мақсатында еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтары Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан атындағы университетінің ғалымдарымен Жалағаш ауданында ет бағытындағы «еділбай» қойына селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, Оңтүстік Батыс егін және мал шаруашылығын дамыту ҒЗИ-ның мамандарымен әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие болып отырған қаракүл қойының «Атырау етті майлы қаракүл» қойын өсіру мақсатында ғылыми жұмыстар жүзеге асырылып, «Ақсеңгір» және «Ақ жол» ШҚ 1540 бас «Атырау етті майлы қаракүл» қойы әкелініп өсірілуде. Сонымен бірге, еліміздің белгілі академигі Х.Үкібаевтың басшылығымен Ресейдің Астрахань облысы мен Жамбыл облысынан көк түсті қошқарлар әкелініп, Жаңақорған ауданы «Ынтымақ» ЖШС-де және «Бақытжан» ШҚ-да селекциялық асылданыру жұмыстары жүргізілуде.