«Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 14 мамыр, Астана, Үкімет Үйі, № 608
«Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1253 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 571-құжат) мынандай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Алтын белгі» белгісі туралы ережеде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) үлгілі мінез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу кезеңінде білім берудің негізгі орта және жалпы орта деңгейлерінде «5» деген жылдық және қорытынды бағалары бар;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Алтын белгі» белгісімен оқушылар негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын республикалық білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, облыстар, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының марапаттауға ұсынылатын оқушының осы Ереженің талаптарына сәйкестігі туралы ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органының бұйрық шығаруы жолымен марапатталады».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.