«Алтын қалам - 2014» әдеби байқауына жұмыстарды қабылдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Алтын қалам - 2014» әдеби байқауына жұмыстарды қабылдау басталды. Бұл туралы байқаудың ұйымдастырушылары таратқан баспасөз баянында хабарланған.
None
None

Байқау «Жылдың ең үздік поэзиясы», «​Жылдың ең үздік прозасы», «Жылдың ең үздік драматургиясы», «Жылдың ең үздік балалар шығармасы» және «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» аталымдары бойынша өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығармалар аbаi.kz сайтына орналастырылады және оқырмандар дауыс беру арқылы үздік туындыны таңдайды. Дауыс беру алдағы 1 маусымға дейін жалғаспақ. Бұл байқауға шығармаларын ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmail.com электронды мекен-жайына жіберу арқылы барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум