«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауларына қатысу үшін кедергілер жойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауларына шағын бизнестің қатысуы үшін басы артық кедергілер жойылады. Бұл туралы бүгін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте мәлім болды.
None
None

«2015 жылы байқауға қатысушылар арасында заңды тұлғалармен бірге жеке кәсіпкерлер де қатысқан. Мәселен, 2015 жылғы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша жеңімпаздар қатарында «Қазбергенов» ЖК болды. Биыл бұл дәстүр жалғасын таппақ. Бұдан басқа, Палата әдіснамалық ұсыныстарда шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер үшін міндетті емес талаптарды ескеретін болады, бұл өз кезегінде туындайтын артық кедергілерді болдырмайды», - дейді Палата өкілдері.

Сонымен қатар жаңа тұжырымдамаға бизнестің байқауларға қатысуын ынталандыру туралы ұсыныстар енетін болады. ҰКП мәліметінше, өткен жылдардағы байқауларды өткізу тәжірибесінен жеңімпаздарға берілетін қолданыстағы жеңілдіктер кәсіпкерлердің байқауға қатысуға қызығушылығын тудырмайтыны байқалды.

Соңғы жаңалықтар