«Алтынкөл» кедендік бақылау пунктінің бас маманына пара алғаны үшін 250 мың теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов аудандық соты Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл» кедендік бақылау пунктінің бас маманы Н. Есмағанбетовке қатысты қылмыстық істі қарады.
None
None

Сот анықтағандай, Н.Есмағанбетов мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам бола тұра, жүк автокөлігінің қосалқы бөлшектерін кедендік декларациялауды жеделдетіп ресімдеу үшін декларанттан 5000 теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімімен Н.Есмағанбетов ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігіне (пара алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған параның елу еселенген сомасы 250 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынумен бірге мемлекет кірісіне мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік кедендік органдарда, жергілікті басқару органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды, деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар