Алтынның қоры бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшылыққа шыға алады - Елбасы

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстан алтынның қоры бойынша әлемдік бірінші орынға шыға алады, деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Васильков кен байыту комбинатының жұмысшыларының алдында өткен митингте.
None
None

Елбасы өз сөзінде, еліміздің алтын өндіруші саласы енді ғана дами бастағанын, бірақ оның алдына әлемнің көшбасшы елдерінің қатарына шығу міндеті қойылып отырғанын айтты.

«Елімізде мол капитал мен қызу жұмысты күтіп тұрған алтын кеніштер көп. Біз соған қол жеткізбекпіз», - деді саланың кемел келешегіне тоқталған Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар