«Алтынтау-Көкшетау» ЖШС Жаңа жыл мерекесіне жұмсалатын қаржыны қайырымдылыққа бермек - Ақмола облысы

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Кәсіпорын басшылары биылғы жылы Жаңа жылдық іс шараларға арналған қаржыны көп балалы, мүгедек балалары бар, екі немесе одан да көп жетім бала асырап отырған, науқас және табиғат апатынан зардап шеккен қызметкерлерінің отбасыларына беруді шешіп отыр.
Осылайша, кәсіпорындағы 85 жұмысшының әрбіреуіне 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Жалпы, көрсетілген материалдық көмектің құны 4 250 000 теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорын Көкшетаудағы балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне психоневрологиялық кемістігі бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға ортопедиялық кресло сатып алуы үшін 1миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.