Алуа Балқыбекова әлем чемпионатын сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 9 наурызда Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын Алуа Балқыбекова (50 келі) сәтті бастады.

Қазақстандық боксшы 1/16 финалда кениялық Нзиваны жеңді.
Келесі айналымда Алуа марокколық Мутаккимен 11 наурыз күні күш байқасады.
Алуа Балқыбекова — ел құрамасындағы тәжірибелі боксшының бірі. Әлем чемпионатында 2022 жылы күміс алса, 2023 жылы қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ ол 2021, 2022 жылдарда Азия чемпионы атанған.
Енді Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан 1/8 финалда Елдана Талипова өзбекстандық Олтин Сотимбаевамен шеберлік байқасады.
Команда сапында Алуа мен Елданадан өзге Назым Қызайбай (48 келі), Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) сынға түседі.
Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Ал финал 16 наурызда болады.