Аляска аумағында беймәлім теңіз құбыжығын видеоға түсіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Аляска штатының тұрғыны жергілікті Чена өзенінде өмір сүретін ұзындығы бес метрлік беймәлім жануарды видеоға түсіріп алды.

Аляска аумағында беймәлім теңіз құбыжығын видеоға түсіріп алды

 Ролик авторының айтуынша, оған ғылымда беймәлім, өзенде өмір сүретін жануарды  немесе лох-несстік құбыжықтың өзін түсіріп алуға мүмкіндік туған. Крейг Маккей өмірінде мұндай жағдай ешқашан кездеспегендігін айтады, деп хабарлады Mirror.

Төменде жарияланған кадрларда су бетінде  едәуір үлкен өлшемдегі жануардың жүзіп бара  жатқанын көруге болады. Негізі ол «құбыжық» су бетінде толықтай көрінбейді, Маккейдің оны түсіріп алуының сыры Желіде көп адамдардың сан түрлі болжам жасауларын, таңқалыстарын тудырды.