Аляскадағы саммиттен соң Трампты қолдаушылар саны артқан

АСТАНА. KAZINFORM - InsiderAdvantage сауалнамасының нәтижесі бойынша, Аляскада Ресей президенті Владимир Путинмен болған кездесуден соң АҚШ президенті Дональд Трампты қолдаушылар саны артқан.

Рейтинг одобрения Трампа вырос после саммита на Аляске
Фото: РИА Новости

15-17 тамыз аралығында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 54 пайызы АҚШ президентінің жұмысын қолдайтынын білдірген.

Осының алдында, яғни 22-23 шілде күндері жүргізілген зерттеулер кезінде сауалнамаға қатысқандардың 50 пайызы Трампқа қолдау білдірген.

- Дональ Трамп қарт сайлаушыларды есептемегенде адамдардың барлық жастары бойынша басымдыққа ие. Оның көрсеткіштері афроамерикалықтар мен латынамерикалықтар арасында өскен, деп жазады InsiderAdvantage. Бұл ретте 65 жасқа дейінгі адамдардың арасында Трамптың жұмысын қолдайтындар саны өте көп екенін айты кету керек.

Айта кетейік, Владимир Путин мен Дональд Трамптың келіссөздері Аляска штатының Анкоридж қаласындағы «Эльмендорф-Ричардсон» әскери базасында өтті және 3 сағатқа жуық уақытқа созылды.

 

Соңғы жаңалықтар