Алыс ауылдардың тұрғындарына арналған медициналық көмектер және дәрі-дәрмектер - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің бірінші кезеңі сәтті аяқталды,
None
None

деп хабарлады кеше, 7 ақпанда өткен облыстық активтің жиналысында аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2010 жылы нәрестелердің шетінеу көрсеткіші 28,8 пайызға төмендеген. Ана өлімі - 48,9 пайызға, туберкулезбен ауыру - 12,8 пайызға, ал туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші 18,4 пайызға азайған.

Елбасы өз Жолдауында анықтап берген денсаулық сақтау саласындағы маңызды міндет - алыс ауылдардың тұрғындарын білікті медициналық көмекпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. 2010 жылы республикалық бюджет қаржысына аймақта «жылжымалы емханалар» сатып алынған. Бұл емханалар шет орналасқан ауылдардың тұрғындарына толық көлемде сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Дәрілік заттар да қолжетімді. Былтыр облыстың 185 ауылында дәріханалар ашылған. Жекеменшік ұйымдар облыстың 262 ауылына дәрі-дәрмектер жеткізетін 14 жылжымалы дәріханадар ұйымдастырған. Оған қоса, Баянауылда ауысымда 150 адамды қабылдай алатын емхана, Ленинский, Кенжекөл және Песчаное ауылдарында дәрілік амбулаториялар салынып жатыр. Облыста барлығы 13 дәрігерлік амбулаторияның, 3 фельдшерлік-акушерлік және 44 медициналық қосынның құрылысы жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар