Алыстағы ауданда «Балапан» бағдарламасына сәйкес шаралар атқарылуда

Балабақша құрылыстарын жүргізу бағыты бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудандық білім беру бөлімінің бастығы Мұрат Ғазезовтың айтуынша . бүгінгі таңда аудан бойынша 23 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасауда. Соның ішінде 8 балабақша, 2 мектеп-балабақша кешені бар. Оларда 471 бүлдіршін тәрбиеленуде. 2011-2020 жылдарға арналған балабақшалар желісін дамыту мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілген. Биыл Жәнібек ауылында 280 орындық балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 4 миллион 510 мың теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
Ал шағын орталықтар ашу бағыты мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту мақсатында мектептердегі бос орындарды пайдалану арқылы аз шығынды мектепке дейінгі ұйымдарды - шағын орталықтарды ашу жұмыстары қолға алынды. Мәселен, 2009-2012 жылдары мектептер жанынан 13 мектепке дейінгі шағын орталық ашылып жұмыс істеуде. Мұнда 373 бала қамтылып отыр. Шағын орталықтарды ұстау үшін биыл республикалық бюджеттен 17 937 мың теңге, жергілікті бюджеттен 6240 мың теңге қаржы бөлінді.