18:37, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Алыстағы ауданда Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай мерекелік шара өткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданында атақты әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай әдеби-сазды кеш болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудандық музыка мектебінің мұғалімі Бакар Орақаев әнші-композитордың «Сүйген жар», «Әнші дауысы» әндерін шырқаса, Ғ.Құрманғалиевтің көзін көрген Сембай Ғұсманов, Меңдіхан Бәсеров, атақты өнерпаздан бата алған Уақит Сариев естеліктерімен бөлісті. Кеште аудандық музыка мектебінің шәкірттері өнер көрсетті.