12:11, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алыстағы ауданда наубайхана, тұшпара цехы ашылды
ОРАЛ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданында наубайхана, тұшпара цехы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа нысанды ашқан кәсіпкер Ғабдығали Текебаевтың айтуынша, наубайханаға 4 нан пісіретін пеш, екі қамыр араластырғыш, тұшпара цехына үш мұздатқыш, тоңазытқыш, еттартқыш, электронды таразы қойылған. Төрт адам жұмыспен қамтылған.
Нан сұранысқа байланысты пісіріледі. Бағасы да дүкендердегіден арзан. Мысалы, салмағы 700 грамм бөлке 60 теңге, тұшпара 135 теңге, котлет 170 теңге, мәнті 155 теңге.
Жалпы, ауданда азық-түлік, соның ішінде астық, күріш, күнбағыс майы сияқты халық күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы біртіндеп түсіп келеді.