13:26, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алыстағы ауданда жаңа балабақша іске қосылды
ОРАЛ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы орталығында 50 орындық «Балбөбек» балабақшасы пайдалануға берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Закария Сисенғалидың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл - аудандағы жетінші балабақша. Жаңа ғимаратты «Бекқалиев» ЖШС (директоры Сәбит Бекқалиев) 30 миллиондай теңгеге салып шықты.
Ауданда сондай-ақ 90 орындық 9 шағын орталық та іске қосылды. Бұл жұмыс Елбасы тапсырмасына сәйкес бұдан былай да жалғасады.