18:32, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Алыстағы ауылда балабақша пайдалануға берілді
ОРАЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәнібек ауданы Ақоба ауылында балабақша күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиырма бес орындық «Балауса» балабақшасына «Жәнібектранссервис» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жаңа жиһаздармен толыққан ғимаратта балдырғандар ойнайтын зал, екі жатын бөлмесі, меңгеруші мен медбикелерге арналған орындар бар. Сондай-ақ асханасы да қажетті құрал-жабдықпен жасақталған. Мұнда екі тәрбиеші, бір әдіскер және аспаз жұмыс жасамақ. Балабақша меңгерушісі Қырмызы Машаеваның айтуынша, балдырғандар мекені бүлдіршіндерді қабылдауға толықтай дайын.