20:12, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Алыстағы ауылда жаңа пошта ғимараты ашылды
ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы Қызылоба ауылында жаңа пошта ғимараты пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрылысқа 9 миллиондай теңге жұмсалған. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жасақталған жаңа ғимаратта жұмыс жасауға барлық жағдай бар.
Жаңа пошта ғимаратының ашылуымен «Қазпошта» АҚ БҚО филиалының директоры Мағал Бекмағамбетов те құттықтады. Жалпы, соңғы кезде ауылдық жерде мұндай пошта ғимараттары көбейіп, қызметтері жақсара түсіп отыр.