«Алюминий Қазақстан» кішкентай павлодарлықтарға - жаңа балабақша, өз жұмысшыларына жаңа пәтер кілттерін тапсырды

ПАВЛОДАР. Маусымның 2-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық балалар «Алюминий Қазақстан» АҚ атынан сыйлыққа 240 орындық жаңа балабақша алды. Кәсіпорын балаларға арналған жайлы мекеме салып, оны Павлодар қаласының коммуналдық жекеменшігіне табыстай отырып, облыс бойынша «Балапан» бағдарламысының жүзеге асуына алғашқы болып өз үлесін қосты.
None
None

«Биылғы жылы біз облыс бойынша 14 балабақша саламыз, 5-еуі кеңейтіліп, мектеп жасына дейінгі балаларға 83 шағын орталықтар ашылады. Бүгінгі таңда аймақ бойынша 14 мың сәби балабақша тізімінде тұр, олардың 10 мыңы Павлодар қаласында тұрады. «Алюминий Қазақстан» ұжымынан басқа да ірі кәсіпорындар үлгі алуы тиіс. Балабақша құрылысының жұмыстарын жеке өзі қадағалаған компания президенті Алмаз Ибрагимовке алғыс айтамын», - деді балабақшаның ашылу салтанатында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Бүгін жүздеген металлургтардың отбасында да мерекелік оқиға болды. Олар жаңа 125 пәтерлік үйден пәтер кілттерін алды. Бұл «Алюминий Қазақстан» АҚ салған екінші он қабаты үй. Алғашқы үй былтырғы жылдың мамыр айында салтанатты жағдайда ашылған болатын. Аймақтағы тұрғын үй бағдарламасы 2006 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Оның жалпы құны - 45 млн. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар