Алжир билігі бүліктен қауіптеніп халыққа бет бұрды

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Алжирде 19 жыл бойы орын алған төтенше жағдай тәртібі таяу уақытта жойылады.
None
None

Бұл туралы ел Президенті Абделазиз Бутефлика жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды РБК Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Алжир Үкіметі жұмыс орнын ашу және баспа мен ақпарат еркіндігін кеңейту жолында жаңа шаралар қабылдайтынын атап өтті. Соған қоса, наразылық шараларын өткізуге салынған тыйым жойылмақ, алайда бұл ел астанасына қатысты емес.

А.Бутефликаның айтуынша, елде жаппай тәртіпсіздкке жол бермес үшін оппозициялық партиялар заңды құрметтеуі тиіс.

Алжир президентінің мәлімдемесі биылғы жылдың қаңтарында бірқатар ел провинцияларында болған жаппай тәртіпсіздіктерге бағытталған жауап болды. Халық наразылығының басты себебі ұн, өсімдік майы және қант сияқты бірқатар азық-түлік бағаларының қымбаттауы еді. Сонымен қатар алжирліктердің наразылығы биліктің азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ете алмауына да байланысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар