Алжир президенті жаңа үкімет құрамын бекітті
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Сифи Гриб басқаратын кабинетке 10 жаңа министр кірді, деп хабарлайды ТАСС.

Алжир президенті Абдельмаджид Теббун елдің жаңа үкімет құрамын бекітті. Мемлекет басшысының ресми өкілі хабарлағандай, премьер-министр Сифи Гриб басқаратын кабинетке 10 жаңа министр кірді.
— Жексенбі күні республика президенті Абдельмаджид Теббун премьер-министр Сифи Гриб басқаратын жаңа үкімет мүшелерін тағайындады, — делінген Algeria Press Service агенттігі таратқан мәлімдемеде.
14 қыркүйекте агенттік Теббунның премьер-министр қызметін атқарушы Грибті жаңа үкіметті құруға міндеттеп, оны толыққанды премьер-министр лауазымына тағайындағанын хабарлаған болатын. Жарияланған тізімге сәйкес, жаңа үкімет құрамына 10 министр кірді.
Өнеркәсіп министрі қызметін атқарған Гриб 28 тамызда елдің премьер-министрі қызметін атқарушы болып тағайындалып, бұл қызметте Надир Арабиді ауыстырған еді.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Алжир Президенті мен отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді.