«Алжирден» ақша жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алжир» мемориалды кешенінің бюджетінен ақша жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәслихаты барысында Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшісі Әбілқайыр Ысқақов мәлім етті.
None
None

«Осы факт бойынша Астана қалалық қаржы бақылау инспекциясы өз құзыретінен шықпай тексеру жүргізді, яғни ұйымның қаржыны қаншалықты тиімді пайдаланғанына тексеру жүргізді. Белгілі бір деңгейде заң бұзушылықтар бар екені анықталды. Әдеттегідей, инспекция істі прокуратура органдарына тапсырады, прокуратура істің анық-қанығын анықтайды. Бұл материал біздің қолымызға түсті, сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді, қылмыстық іс қозғалды, факт сот алды тергеу сатысында»,-деп түсіндірді ол.

Ә.Ысқақовтың айтуынша, бұл материалға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «қаражатты талан-таражға салу және жымқыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Менің білуімше, шығын 10 миллион теңгеден аспайды»,-деп атап өтті сөзін түйіндеген Ә.Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар