Алжирдің премьер-министрі ауысты
Алжир Президенті Абдельмаджид Теббун БҰҰ жанындағы мемлекеттің тұрақты өкілі Назир Ларбавиді премьер-министр етіп тағайындады. Бұл туралы Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлады.
Алжир радиосы хабарлағандай, Ларбави 2021 жылдың 30 маусымынан бастап осы қызметті атқарған Айман Бенабдеррахманның орнына үкімет басшысы болды. Сонымен қатар АЛЖИР президенті өз кеңсесінің басшысын да ауыстырды. Президент кеңсесі бастығының міндетін атқарушы болып Буал Бойл тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Теббунның заң мәселелері бойынша кеңесшісі болды.
Радиостанция президенттің мұндай шешімдерінің себептері туралы ақпарат бермеді. Назир Ларбави әр жылдары Алжирдің Пәкістан мен Египеттегі Елшісі қызметін атқарды. 2019 жылы ол Каирден шақырылып, СІМ басшысының кеңесшісі болып тағайындалды. Екі жылдан кейін, 2021 жылы ЛАРБАВИ Алжирдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болды.