«Аманат» кәсіподақтар достастығынан кандидат талаптарға сай - ҚР ОСК

Әуелі ОСК мүшесі Шахат Өтемісов аталған кадидаттың лингвистика комиссиясының 2022 жылғы 8 қазандағы шешімі бойынша, мемлекеттік тілді еркін меңгергені анықталғанын атап өтті.
«ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің ҚР Конституциясында және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Мейрам Зекшұлы Қажыкеннің Конституцияда және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады», - деді ОСК төрағасы Н.Әбдіров.
Бұған дейін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешкен болатын.