Амандық Баталов жылыту маусымының апатсыз өтуіне күш салған мамандарға Құрмет грамотасын табыс етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014-2015 жылғы жылыту маусымның үздіксіз және апатсыз өтуіне күш салған аудан мен қала әкімдіктері, жылумен, электрэнергиясымен, сумен жабдықтаушы кәсіпорындардың қызметкерлері Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен, дипломдармен марапатталып, оларға жаңа арнайы техникалар табыс етілді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында мәлім болды.
None
None

Жиын барысында алдағы жылыту маусымын сәтті өткізуге қолқабыс болуы үшін 5 арнайы техника берілді.

Өткен жылыту мерзімінде сапалы жұмыс істеп, үздік шыққан Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіне I дәрежелі диплом мен ГАЗ 3309 автогидрокөтергіші, екінші орыннан көрінген Көксу ауданының әкімдігіне КО-503В-2 вакуум көлігі мен Алакөл ауданына ГАЗ 35071 - самосвал жүк көлігі және II дәрежелі дипломдар, үшінші орынға табан тіреген Ескелді ауданы мен Панфилов аудандарына III дәрежелі дипломдар мен ГАЗ 3309-1397 көлігі табыс етілді. Арнайы техника тиісті мекемелерге бөлініп берілді.

Соңғы жаңалықтар