Амангелді ауылы су астында қалды

ҚОСТАНАЙ.KAZINFORM – Қостанай облысындағы Амангелді ауылын су басып қалды. Бұл туралы жергілікті Тobolinfo.kz ақпараттық агенттігі жазды. 

Су тасқыны
Фото: Тobolinfo.kz

Бүгін, 26 наурызда тіпті жағдай ушыға түскен. «ТоболИнфо»-ның редакциясына су басқан ауылдың фотоларын тұрғындар жіберген.  

Су тасқыны
Фото: Тobolinfo.kz

Олардың айтуынша, дәл қазіргі қиын-қыстау сәтте ауылда 18 құтқарушы қолдарынан келгенше тырысып жатыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше олар бұл жағдайға мүлде дайын болмаған.  

Су тасқыны
Фото: Тobolinfo.kz

Ауыл тұрғындарының мәліметінше, су үйге дейін жеткен. Әсіресе, қорадаға малға қауіп төніп тұр. Жаңа туған бұзаулардың жағдай қиындау. Тұрғындар өз өмірлері мен дүние-мүлкі үшін алаңдаулы. 

Қостанай
Фото: Тobolinfo.kz

«Халық әбігерге түсті. Билік органдары іргеге жеткен сумен күрес жүргізуге қауқарсыз екенін тағы бір көрсетіп берді. Орталық көшелердің бірі Сейфуллин көшесі су астында қалды. Бұл жерде екі мектеп орын тепкен», — деп жеткізді алаңдаулы халық. 

 

Соңғы жаңалықтар