Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Алматы облысында кездесулер өткізді

Кездесу барысында кандидаттың сенімді өкілдері бірлестік мүшелерін Аманкелді Таспиховтың өмірбаянымен таныстырып, сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағдарларын түсіндірді.
Сондай-ақ, «Қазақстан мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» АҚ филиалының бастапқы кәсіподақ ұйымы саналатын №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымында да осыған ұқсас кездесу өтті. Кездесу барысында сенімді өкіл Әлия Түстікбаева сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағыттары мен бағдарламасын ұсынды.
Еске салсақ, кеше президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің Көкшетау облыстық сайлауалды штабы «РИО» сауда ойын-сауық орталығында флешмоб өткізген болатын.
Ал үміткер Әміржан Қосанов Павлодар облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен және жергілікті тұрғындармен кездескен.
Сәдібек Түгелдің Түркістан қаласындағы сайлауалды штабы болса, «Киелі жерлерге тағзым» атты автошеру ұйымдастырды.
«Ақ жол» партиясы атынан президент сайлауына түсіп жатқан Дания Еспаева павлодарлық кәсіпкерлермен кездесіп, мәселелерін тыңдады.
«Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков Маңғыстау жұртшылығына сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Президентікке тағы бір үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездескен болатын. Нақтырақ айтсақ, еліміздің бірнеше аймағында жергілікті қоғамдық штаб мүшелері үкіметтік емес ұйым өкілдерімен және блогерлермен кездескен.
Сондай басқосудың бірі Жамбыл облысында ұйымдастырылды.