Amazon атом электр станциясының жоспарларымен бөліседі
АСТАНА. KAZINFORM – Джефф Безос енді ядролық технологияға бәс тігуде: интернет алыбы Amazon алғашқы атом электр станциясының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Kazinform BILD басылымына сілтеме жасап.
Компания серверлері мен жасанды интеллект бағдарламаларын энергиямен дербес қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Вашингтон штатында құрылысы жоспарланған жаңа атом электр станциясы Каскад кеңейтілген энергетикалық қондырғысы бастапқыда 4 шағын Xe-100 реакторын қамтиды. Компания барлығы 12-ге дейін шағын модульдік реакторларды (СМР) орнатпақ.

Шағын реакторларды Amazon 2024 жылдың қазан айында шамамен 500 миллион доллар инвестициялаған американдық X-energy компаниясы салады. Жобаға басқа инвесторлар да инвестиция құйған.
Бірінші кезеңде реакторлар 320 мегаватқа дейін электр энергиясын өндіреді, ал барлық кезеңі аяқталғаннан кейін қуаттылық 960 мегаватқа дейін артады. Бұл шамамен 3,8 миллион үй шаруашылығын қуаттандыруға жетеді.

Дегенмен Amazon энергияны ең алдымен өз қажеттіліктері үшін — серверлер, жасанды интеллект жүйелері және цифрлық құралдар үшін пайдаланбақ. Сонымен бірге компания CO₂ шығарындыларын азайтқысы келеді.