Америкадағы шатдаун аяқталды: Трамп бюджетке қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп бұрын Конгрестің екі палатасы да мақұлдаған алдағы екі айға арналған бюджет жобасына қол қойды, деп хабарлайды BBC

Америкадағы шатдаун аяқталды: Трамп бюджетке қол қойды
Фото: x.com/WhiteHouse

Федералды үкімет енді 43 күндік үзілістен кейін жұмысқа орала алады. Бұл АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун болды. 

Жобаны Өкілдер палатасының 222 мүшесі қолдады, оны мақұлдау үшін көпшіліктің дауыс беруі ғана қажет болды. Бюджет жобасы бұған дейін АҚШ Сенатында мақұлданған болатын

Сәрсенбіде қабылданған бюджет заң жобасы федералды үкіметке тағы екі айдан астам уақыт, яғни 2026 жылдың 30 қаңтарына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қабылданған бюджет жобасы барлық федералды департамент пен агенттіктердің жұмысын қайта бастайтынына және 2026 жылдың 30 қаңтарына дейін қаржыландырылатынына кепілдік береді. Бұл сондай-ақ жұмысты тоқтату салдарынан федералды қызметкерлерді жұмыстан босату және жұмыстан шығару тоқтатылатынын білдіреді.

АҚШ-та ұзаққа созылған шатдаун экономика мен жаһандық тұрақтылыққа қалай әсер еткенін мына материалдан оқи аласыз

Соңғы жаңалықтар