Америкалық Warner Bros. Discovery конгломераты өзін сатылымға шығарады
АСТАНА. KAZINFORM — HBO, CNN және басқа да стримингтік сервистер мен студиялардың иесі Warner Bros. Discovery өзін сатылымға шығарып жатыр, деп хабарлайды NBC News.

Warner Bros. Discovery (WBD) кабельдік желілер мен жаңалықтар агенттіктерінен бастап танымал франшизалар, киностудиялар және стримингтік платформаларға дейін әртүрлі медиа компанияларды біріктіреді. Бұдан басқа компания бүкіл әлем бойынша әртүрлі спорттық іс-шараларды трансляциялау құқығын иеленіп отыр: Олимпиада ойындары мен Еуропадағы Француз ашық чемпионатынан бастап Ұлыбританиядағы Премьер-лигаға дейін, сондай-ақ «Гарри Поттер» және Супермен сияқты DC комикстері кейіпкерлеріне құқылы.
Компанияның бір бөлігін немесе барлығын сату үлкен мәміле болмақ. Дүйсенбіде WBD нарықтық құны 45 млрд доллардан асты. Бұдан басқа компания миллиардтаған доллар қарызға батып отыр.
WBD акциялары бұл жаңалық аясында 10%-дан астам көтерілді.
NBC News бас компаниясы NBCUniversal иелігіндегі Comcast Warner Bros. Discovery активтеріне қызығушылық танытты. Алайда компания қазір келісімге жоғары талаптар қойып отыр.
Бәсекелес Paramount Global бүкіл WBD-ды сатып алу үшін ұсыныс жасауға дайындалды, бірақ соңғы апталарда келіссөз тоқтап қалды.
Бұған дейін Skydance Media компаниясы Paramount медиахолдингін 8 млрд долларға сатып алатынын жазған едік.