Америкалық рекордшы-астронавт Скотт Келли NASA-дан сәуірде кетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат- ғарыштық экспедициясына бару ұзақтығы жағынан америкалық астронавттар арасында рекорд орнатқан Скотт Келли NASA-дас осы жылғы 1 сәуірде кетеді. Бұл туралы жұма күні Хьюстонда (Техас штаты) Джонсон атындағы Ғарыш орталығы таратқан мәлімдемеде белгілі болды, деп хабарлады ТАСС.
None
None

«Келли отставкадан кейін өзінің жылдық экспедициясына байланысты зерттеулерге қатысуды жалғастырады», - делінген хабарламада.

Ғарыш орталығының басшылығы Келлидің көрнекті жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ ол Марсқа басқарылатын ұшырылым мүмкіндігін жақындатуға жәрдемдесті.

Келли экспедиция уақытында орбиталдық кешен бортында ресейлік Михаил Корниенко мен Сергей Волковпен бірге болды. Олар Жерге өткен аптада оралды. 2 наурызда олар Қазақстанға сәтті қонды. Корниенко мен Келли ұшырылымға 2015 жылғы 27 наурызда аттанған. Олар орбитаға Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесімен ұшты. Ғарышкерлер стансада 340 тәулік болды. Экипаждың үшінші мүшесі Волков ХҒС-та 182 күн болды.

АҚШ үшін бұл ұзақ болған алғашқы экспедиция. Кеңестік және ресейлік ғарышкерлер орбитада бір жылдай жұмыс істеген. 1999 жылы Сергей Авдеев орбитада 379 тәулігін өткізсе, ал 1995 жылы Валерий Поляков орбитада 437 күн болып, ғарышқа ең ұзақ ұшырылым ретінде әлемдік рекорд орнатқан.

Шетелдік БАҚ Қазақстандағы ғарышкерлерді қарсы алу дәстүрін сипаттап жазды.

Жезқазғанға қонған кезде Скот Келли алғашқы ауа жұтудан алған әсерімен бөлісті.

«Союз ТМА-18М» кемесінің командирі Сергей Волков ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар