Америкалықтар АҚШ президенті сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беруде

КЛИВЛЕНД. ҚазАқпарат - АҚШ-та президент сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру өтіп жатыр. Бұл 8 қарашада қандай да бір себептермен сайлау учаскесіне келе алмайтын америкалықтар үшін ұйымдастырылды. АҚШ-тағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Кливленд (Огайо штаты) Кайахога округі сайлау учаскелерінің біріне барды.
None
None

Мерзімінен бұрын дауыс беруге белгіленген күндердің ішінде сенбіде халықтың белсенділігі артуда. Негізгі дауыс беру күні - сейсенбі жұмыс күніне тура келіп тұр.

XIX ғасырдың ортасында АҚШ аграрлық ел болған, ол кезде сәрсенбі базарда сауда жасау күні, ал сенбі жұмыс күні саналған. Жексенбі қазіргі уақытқа дейін шіркеуге қатынайтын күн. Сондықтан да сайлау өтетін күн сейсенбіге белгіленді.

Демалыс күндері сайлаушылардың белсенділігі артуда. Сондықтан да екі негізгі үміткер «құбылғыш штаттарда» сайлауалды үгіт-насихатты бейсенбі мен жұмаға белгіледі.

Огайо штатында сайлау бюллетендері ағылшын және испан тілінде жазылған.

Негізгі мәселеден басқа, бюллетенге жергілікті судьялыққа үміткерлерді таңдау енгізілген. Ұйымдастыру жағы көңіл толтырарлықтай: учаскелер алдында сайлауалды үгіт-насихат шектелген. Америкалықтар дауыс беру үшін тәртіппен ұзын-сонар кезекке тұруда. Учаскенің ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы секциялар көзделген. Сайлауды тең дәрежеде Демократиялық және Республикалық партиялардан бақылаушылар бақылауда. Дауыс беру нәтижесін аймақтық соттың арнайы сайтында онлайн қарауға болады.

Соңғы жаңалықтар