Американдық 150 жылдық печеньені жеді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ тұрғыны 150 жыл бұрынғы крекерді жеген видеосын YouTube желісіне жариялады. Ер адам печеньенің жартысын жеп, қалғанын суға салады. Крекерді жұмсақ әрі дәмді ету үшін суға 30 жыл бұрынғы ерігіш кофе қосады.
None
None

Ролик авторының айтуынша, печенье АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінен қалған. Ол солтүстік штаттар әскерінің құрғақ тағамы (жеке тағам рационы) құрамында болған.

Алғашында печенье иесі тағамды музейге өткізгісі келген, кейінірек раритетті өзі жеуге шешім қабылдаған. Мекеме өкілдері де крекерді жұрт көзінше жеу идеясын қолдаған. 

 

Соңғы жаңалықтар