Американдық 7000 сіріңкеден жасалған «бәлішті» жақты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір уақытта 6000 мың сіріңкені сәтті жағып, тәжірибе жинаған америкалық азамат енді жаңа сынаққа көшті. Ол 7000 мың сіріңкеден «бәліш» жинап және оны жаққан.

Американдық 7000 сіріңкеден жасалған «бәлішті» жақты

Жаңа экспериментте «бәліш» үш қабаттан тұрды: ең кішісі үстінде одан үлкенірегі ортасында, ал ең үлкені төменде болды.

Жоғары «қабаты» небәрі 35 секундта жанып, одан соң жалын ортаңғы «қабатқа» ауысты одан әрі төменге қарай жылжыды. «Бәлішті» небәрі бір жарым минуттың ішінде от түгел шарпыды. Бірақ арада 40 минут өткеннен соң ғана түгелдей жанып бітті.