Американдық автоәуесқой жолға желімделген мысықты құтқарып қалды

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Американдық ерлі-зайыптылар Миннесота штатындағы қарбалас жолдардың қақ ортасына белгісіз біреу желімдеп кеткен мысықты құтқарды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

Әлдекім сарғылт жолақ түсті мысықтың төрт табанын бірдей асфальтталған тас жолға желімдеп кеткен. Оның жанынан ерсілі-қарсылы өтіп жатқан жүргізушілер жануарды мәшинелер қағып кеткен деп ойлаған. Тіпті олардың көбісі мысықтың қимылдағанын да байқамаған. Алайда ерлі-зайыпты қайырымды жандар тоқтап, мысықты жолға жабысқан жерінен бөліп алады.

Жергілікті ветеринария қызметінің қызметкерлері жолға желімдеп кеткен мейірімсіз біреудің бұл қылығына жағаларын ұстады. Мысықты жануарлар паналайтын жергілікті орынға жіберді, оған Тимоти деген ат берілді. Желімнен терісі сыдырылған табаны жазылғаннан кейін, Тимоти өзінің жаңа иесін табатын болады.

Соңғы жаңалықтар