07:31, 21 Наурыз 2014 | GMT +5
Американдық бокcшы Бриггс кіші Кличкоға бәтеңке лақтырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBO/IBF нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Владимир Кличко жаттығуын бұрынғы әлем чемпионы Шеннон Бриггстің кесірінен тоқтатуына тура келді
![None None](/static/img/plug.webp)
Алдымен американдық өзін әдепті ұстады, бірақ соңынан көйлегін жыртты, айқайға басып, сол жерде жекпе-жекке шақырды. Одан бас тартқандығын естіген соң ызаға булыққан ол украиндыққа қарай бәтеңкесін жіберіп қалды, деп хабарлайды Росбалт.
Кличко АҚШ-та австралиялық Алекс Леапаимен кездесуге дайындалып жатыр. Ол 26 сәуірде Оберхаузенде өтеді.