Американдық дипломаттар - Жоғарғы Сотта

Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Жоғары сот органының басшысы шетелдік қонақтарға Қазақстан сот құрылысының жүйесі, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу рәсімі және медиация саласындағы ұлттық заңнаманы әзірлеу туралы айтып берді. Б.Бекназаров сондай-ақ өзінің АҚШ-қа барғандығы мен американдық әріптестермен жүздесуінен қалған әсерімен бөлісті.
Дипломаттарды шетелдік компанияларға қатысты сот дауларының шешілуі қызықтырды. Б.Бекназаров Қазақстан инвестициялық жағынан қарағанда шетелдік әріптестер үшін тартымды ел болып саналатынын түсіндірді. Саяси және экономикалық тұрақтылық, қоғамдағы әлеуметтік сілкіністердің болмауы шетелдік инвесторлардың қызметі үшін қолайлы жағдай болды. Даулар туындаған жағдайда тараптар, олардың арасында жасалған келісімдерге байланысты, мемлекеттік де, төрелік сотқа да жүгіне алады. Мұнда ешқандай құқықтық кедергі жоқ.
- Алайда, егер мемлекеттің, ұлттық қауіпсіздіктің мүдделері қозғалған болса, егер еліміздің салықтық немесе экологиялық заңнамасы бұзылса, мұндай даулар, сөзсіз, тек қана мемлекеттік соттарда қаралады, - деді Б.Бекназаров. Қазақстан - үлкен ел және де біз өз құндылықтарымызға, қоршаған ортаға, азаматтарымыздың денсаулығына қамқорлық жасауымыз керек. Егер шетелдік инвестордың іс-әрекеттері халқымыздың берекесіне қауіп төндірсе, ол, біріншіден бұзушылықтарды жоюға, екіншіден заңда көзделген жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов шетелдік қонақтарға соттарда қаралатын қылмыстық істердің санаттары мен соңғы жылдары едәуір реформаланған қылмыстық заңды қолданудың ерекшеліктері туралы баяндап берді.
Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова дипломаттарды қазақстандық соттарды жиі қаралатын азаматтық істердің санаттары туралы хабардар етті және біліктілікті арттыру мақсатында өткізілетін судьяларға арналған білім беру бағдарламалары туралы баяндады. Ұ. Сүлейменова сондай-ақ шетелдік және төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау туралы істер бойынша сот ісін реттейтін азаматтық құқықтың нормаларын қолдану мәселелеріне назар аударды.
АҚШ дипломатиялық миссиясының өкілдері Жоғарғы Соттың басшылығына жылы қабылдау үшін ризашылығын айтып, қазақстандық және американдық судьялар арасындағы өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу үшін ешқандай кедергі жоқ екендігіне сенім білдірді.