Американдық шабуылдаушы ұшақ Атлант мұхитына құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ теңіз жаяу әскері корпусының AV-8B Harrier II шабуылдаушы ұшағы жұма, 6 мамыр күні Атлант мұхитының Солтүстік Каролина штатының жағалауының маңында құлады. Бұл туралы жаяу әскер корпусының баспасөз хабарламасына сілтемемен WWAY TV хабарлады.
None
None

Оқиға жергілікті уақытпен сағат 17:05-те (сенбідегі жергілікті уақыт бойынша сағат 00:05-те) орын алған. Уилмингтон халықаралық әуежайынан ұшқан шабуылдаушы ұшақ жаттығулық ұшуды орындаған. Associated Press-тің хабарлауынша, оның ұшқышы әуе кемесі өртене бастаған соң катапульта арқылы түскен.

Ұшқышты АҚШ ӘТК-нің H-60 ​​Seahawk тікұшағының экипажы құтқарып, Кэмп-Леджен базасындағы Әскери-теңіз ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Апатқа ұшыраған ұшақ Теңіз жаяу әскері корпусының Черри-Пойнтта базасындағы 2-ші әуе қанатының иелігінде болды. Әуе апатының себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды lenta.ru.

Соңғы жаңалықтар