Американдық скейтбордта сағатына 144 шақырымды еңсерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Кайл Уэстер төбеден скейтбордпен жүйтки түсіп, әлемдік рекорд жасады.
Ол сағатына 143,89 шақырымды еңсерді. Видео YouTube- Santa Cruz Skateboards арнасында жарияланды.
Гиннестің рекордтар кітабына енген ресми рекорд сағатына 80,74 мильді құрайды (сағатына 129,93 шақырым). Оны 2012 жылы канадалық Мищо Эрбан жасаған болатын.
Ресми емес рекорд Эрик Лундбергтың еншісінде - сағатына 81,17 миль ( сағатына 130,63 шақырым).