17:45, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Американың Теннесси штатында 200-ге жуық көлік соқтығысты
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Американың Теннесси штатында 3 жол-көлік апатының салдарынан 176 көлік қақтығысты. 1 адам оқиға орнында қаза тауып, 16 адам жапа шеккен, оларды жергілікті ауруханаларға жеткізді. Бұл 3 жол-көлік апаты жол кептелісінде болған екен.

Көліктердің бір жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, жыраға аударылып, артындағы көліктердің соқтығысуына себеп болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жол-көлік апаты қалың тұман мен көктайғақтың салдарынан болған көрінеді.