Әміре ұмытылып, оның орнын Мухаммад пен Хамза басты - Ұл балаға жиі қойылатын есімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық статбюро маусым айында ең көп қойылған ер бала есімдерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Ұл балаларға жиі қойылатын ең танымал 10 есім мынадай:

- Әлихан – 298

- Алдияр – 262

- Әмір – 240

- Омар – 233

- Алан – 227

- Айсұлтан – 208

- Мухаммад – 188

- Нұрислам – 182

- Хамза – 180

- Әли – 171.

Бірінші кредит бюросы жасаған талдауға сенсек, 2021 жылдың маусымынан бері көп нәрсе өзгерген. Алдияр, Әмір және Омар әлдеқайда танымал бола бастаған.

Ал Нұрислам мен Айсұлтан керісінше сиреген. Екі жыл бұрын олар үздік үштікке кіретін. Қазір тіпті топ-5 қатарында да жоқ.

Ең қызығы, Әлинұр мен Әміре тізімнен мүлде түсіп қалды. Ал Мухаммад пен Хамза топ ондыққа кірді. Соңғы айларда осы екеуіне сұраныс ерекше жоғары.

Дегенмен көп жылдан бері өзгеріссіз көшбасшы болып қала беретін бір есім бар, ол - Әлихан.


Соңғы жаңалықтар