Әмірліктер «Астана ЭКСПО-2017» қатысатындығын растайды
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасты «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық барысы Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) рәсімдері мен тәртіптеріне сәйкес жүзеге асып жатқандығын хабарлады.
2014 жылы 11 маусымда Парижде «ЭКСПО-2017» ХКБ Бас Ассамблеясының 155-ші сессиясынан кейін, Астанадағы Көрмені ұйымдастырудың келесі жауапты кезеңі - халықаралық қатысушыларды тартуға үрдісі басталды. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың атынан БАӘ Президенті шейх Халиф бен Заид Әл Нахаянға Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы ресми шақыру жолданды.
БАӘ Президент Әкімшілігінің басшысы шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян әмірліктер тарапы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне ең жоғары дәрежеде қатысатындығын растады.
Өз кезегінде Салем әл-Амери Әмірліктердің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға үлкен қызығушылық танытқанын хабарлады. Осы жерде «Dubai World EXPO-2020» Жоғарғы комитеті мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасындағы ынтымақтастықты ерекше атап кетуге болады. Ұйымдар өкілдерінің арасында дағдылы түрде кездесулер болып жатады, әмірліктер делегациясы 2014 жылы қыркүйекте Астанада өткен «ЭКСПО-2017» Халықаралық қатысушыларының Бірінші жиналысына белсенді қатысты.
«ЭКСПО-2017» көрмесінің «баламалы энергетика» тақырыбы бойынша ынтымақтастық екі ел арасында белсенді дамып келе жатыр. Ықпалдастықтың осы бағытында Масдар экоқалашығы зор қызығушылық тартады. Әмірліктердің экоқалашығы аймақтық және халықаралық деңгейдегі ірі жобаларға, атап айтқанда Испаниядағы «Gema solar» күн электростанциясы және Ұлыбританиядағы «London Array» ірі теңіз жел станциясын сәтті іске қосу ғаламдық жобаларға белсенді қатысуда.
Жаңартылмалы энергия көздері жөніндегі халықаралық ұйым (IRENA) Басшысы Аднан Аминнің 2014 жылы қарашада Қазақстанға алғаш ресми сапары «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбына зор септігін тигізді. IRENA ұйымының әлеуеті көрермендерді «ЭКСПО-2017» көрмесіне тартатын зор мазмұнды павильон құруға мүмкіндік береді.
БАӘ-нің «ЕХРО» көрмелеріндегі ұлттық павильонының Бас Комиссары Әмірліктердің «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы жөніндегі заңды құжаттарға қол қоюлуы алдағы бірнеше айда жүзеге асады деген сенімділігін білдірді.
Салем әл-Амери Астанада Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге құқық алған Қазақстанның халықаралық беделілінің жоғары деңгейін атап өтіп, келешекте өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделігін танытты.