14:23, 01 Маусым 2019 | GMT +5
Әміржан Қосанов павлодарлық жұртшылықпен кездесті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов Павлодар облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы кеңірек талқыланып, түрлі өзекті қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізілді.
Сайлаушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, кандидатқа сұрақ қойды.