Amitech Astana Өзбекстан үшін шыны пластикалық құбырлар дайындауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Amitech Astana Өзбекстан үшін ұзындығы 36,5 км, тығыздығы 16 атмосфера, диаметрі 35 см болатын отандық шыныпластикалық құбырлар дайындауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамына сілтеме жасап.
None
None

«Amitech Astana» ЖШС «KAZNEX INVEST» АҚ-ы Өзбекстанға ұйымдастырған сауда миссиясының нәтижесінде Ташкент қаласы мен Ташкент облысының қрылысшыларымен тығыз ынтымақтастықта әрекет ете бастады. Қазіргі таңда құны 2,78 млн доллар болатын қазақстандық шыныпластикалық құбырларды жаткізу туралы келісім жасалуда.

«ҚР ИДМ-нің «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамы ұжымының арқасында біздің кәсіпорынымыз Беларусь, Өзбекстан, Түркменстан және Ресей мемлекеттеріне жасалған көшпелі сауда миссияларына қатысты. Кездесулердің қорытындысы бойынша, құны 5 млн теңге болатын тасымал туралы келісімге қол қойылды», - деді «Amitech Astana» ЖШС-нің техникалық директоры Нариман Шарафутдинов.

Естеріңізге сала кетейік, «Amitech Astana» ЖШС - 10 жылдық тәжірибесі бар шыныпластикалық құбыр шығарушы отандық компания. Зауыт 2005 жылы іске қосылып, түрлі материалдардан құбыр шығаратын әлемдік деңгейдегі концерндердің AMIANTIT құрамына кіреді. Оның материалдары Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі құрылыс нысандарында пайдаланылады

Соңғы жаңалықтар