Амманда халық әртісі Жәния Әубәкірованың министр Руайда Маайтамен және Ярмук университетінің президенті Абдалла Аль-Муссамен кездесуі болды

АММАН. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат. Бүгін Амман қаласында Елшіліктің ұйымдастырумен Иордания Хашимит Корольдігінің Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің ғимаратында Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың министр Руайда Маайтамен және Ярмук университетінің президенті Абдалла Аль-Муссамен кездесуі болды.
None
None

Екіжақты кездесулер барсында, Консерватория ректоры тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл ішіндегі мәдени дамуы туралы баяндап, Үкіметіміздің мәдениет пен музыканың дамуына ерекше көңіл бөлуі туралы мәлімдеді. Аталған шараларда қатысқан Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Болат Сәрсенбаев өз тарабынан Қазақстан мен Иордания арасындағы екіжақты көптеген салаларымыздағы даму арақатынасы туралы ақпарат жеткізді.

Осыған қоса, тараптар достас халықтар арасындағы білім, мәдениет және өнер салалары бойынша тығыз қарым-қатынастар орнату мәселесін талқылап, екі жоғары оқу орындары арасындағы байланыстар орнату мақсатында өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар