Амманда Қазақтың ұлттық консерваториясы және халық әртісі Ж.Әубәкірова үлкен концерт берді

ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында 27 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Ж.Әубәкірова бастаған делегацияның Амман қаласына сапары өтуде, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.
None
None

Сапар бағдарламасына сәйкес, 29 қарашада «Әл-Хусейн бен Талал» атындағы мәдениет орталығы ғимаратында Иордания ханшайымы Рахманың қамқоршылығымен Қазақтың ұлттық консерваториясының ұжымы және Қазақстан Республикасының халық әртісі Ж.Әубәкірова үлкен концерт берді.

Аталған концертке Иорданияның саяси, қоғам қайраткерлері мен бизнес өкілдері, Амманда тіркелген дипломатиялық миссияларының басшылары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олардың ішінде Иорданияның екі ханшайымы Рахма және Шарифа Науф, бұрынғы Премьер-министр, Петра университетінің президенті Аднан Бадран, бұрынғы Король сарайының басшысы және Сыртқы істер министрі Маруан Касим, Иордан Сыртқы істер министрлігі Хаттама қызметінің басшысы Амджад Кухайви және басқа да құрметті, жоғары лауазымды қонақтар бар.

Иордандық қауым қазақтың мәдениеті мен өнеріне тәнті болып өз ризашылықтарын білдірді. Бұл оқиға жөнінде корольдіктің бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты жарияланды.

Соңғы жаңалықтар