Амманда ҚазҰӨУ ұжымы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығына орай концерттер беруді жоспарлап отыр

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - 9 ақпан күні Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Сәрсенбаев Иорданияның музыка академиясының ректоры Ияд Мухаммадпен кездесу өткізді.
None
None

ҚР Иорданиядағы елшілігінің баспасөз баянында хабарланғандай, кездесу барысында елші Қазақстан мен Иорданияның түрлі салалардағы, соның ішінде білім, ғылым мен мәдениет саласындағы дамып келе жатқан байланыстары жайлы баяндады. Сонымен қатар, ол байланыстарын ҚазҰӨУ ұжымы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығына орай Амманда 12-15 ақпан күндері концерттер беруді жоспарлап отырғаны жайлы да айтып берді.

Сонымен қатар қазақстандық университет пен иордандық академияның ынтымақтастық мәселелері де әңгіме өзегіне айналды.

Екі оқу орны арасындағы тиісті меморандумға қол қою рәсімі жоғарыда аталан концерттік турне кезінде жүзеге асырылады.

Амманда Қазақ ұлттық өнер университеті әл-Хуссейн Мәдени орталығында, Иордан университетінде, Иорданияның ірі қонақ үйлері мен өзге де аудиторияларда концерттер беруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар