22:59, 04 Маусым 2025 | GMT +5
Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ-тың Денвер қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

ҚР ҰОК мәліметінше, жылдамдық санатында Қазақстан атынан сынға түскен Әмір Маймұратов үздік ондықтың қатарына еніп, жалпы есепте алтыншы орынды иеленді.
Сондай-ақ Бекнұр Алтынбеков те тоғызыншы нәтиже көрсетіп, үздік ондықтың қатарынан көрінді.
Аталған дисциплинада жеңісті индонезиялық Киромал Катибин жеңіп алды. Екінші орынға америкалық Зак Хаммер тұрақтаса, қола медальді Сэмюэль Ватсон (АҚШ) иеленді.
Айта кетейік, шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын 2026 жылғы әлем чемпионаты бірінші дивизионында А тобындағы ойындардың қайда өтетіні белгілі болды.