Әмір Мұратбеков Паралимпиаданың финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жүзгіш Әмір Мұратбеков Паралимпиаданың финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Kazakh swimmer propels to Paralympic Games finals
Photo credit: Kazakh Tourism and Sports Ministry

100 метрге брасс әдісімен жүзуде SB11 санатында сынға түскен Әмір Мұратбеков іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 1:21.66 уақыт нәтижесімен финалға жолдама алды.

Финал Астана уақытымен 21:01-де өтеді.

Казахстанский пловец вышел в финал Паралимпийских игр
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Осыған дейін Давид Дегтяревтің екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанғанын жаздық.

Чемпионды жеңісімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

 

Соңғы жаңалықтар